Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Бас имам Үржар ауданында болды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2020 2759 0 пікір
Семей: Бас имам Үржар ауданында болды

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Мұқанов Үржар ауданына жасаған іс-сапары барысында алғаш болып аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбековпен кездесті.

Асқар Әбітайұлы өңірдегі діни ахуал туралы баяндап, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру сияқты бірқатар мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылуы тиіс шараларды тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты. Өз кезегінде А.Әбітайұлы қазіргі ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға екпін түсіріп, ел мен жердің тыныштығын тіледі. Жиын соңында бас имамға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етіліп, қазақтың дәстүрі бойынша иығына шапан жапты. Сонымен бірге А.Әбітайұлы ҚМДБ-ның төл әдебиеті «Ұлы дала төсіндегі ислам» кітабын Бас мүфтидің атынан табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру