Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарихи мешіт жанынан асхана ашылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 13.01.2020 3181 0 пікір
Тарихи мешіт жанынан асхана ашылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бір ғасырлық тарихы бар «Қожаназар ишан» мешітіне қарасты сыйымдылығы 200 адамға шақталған асхананың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсімінде Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Абуов бастаған Қазалы аудандық ардагерлер төрағасы Бекпанов Оразғали, ауданның құрметті азаматы Шарападдинов Алтынбай, аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Сүлейменов Берік сынды қонақтар сөз сөйлеп, құттықтады.

Бұдан кейін бас имам Болатбек Ұласқанұлы жиылған жұртшылықтың алдында мешітке жанашыр бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру