Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкері – байқау жеңімпазы

https://ummet.kz/ 19.11.2019 3039 0 пікір
Мешіт қызметкері – байқау жеңімпазы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы өткізген байқауда мешіт қызметкерінің отбасы бірінші орын алды.

«Парасатты  отбасы» деп аталатын №71 мектеп-лицейде өткен шараға Ибадулаевтар отбасының атынан әулеттің келіні, мешітіміздің қызметкері Айгүл Сауранқызы жары Данияр және балалары Нұрислам, Меруерт, Жанель, Рауан Даниярұлымен бірге қатысты.

Олар өздерінің үлгілі, белсенді, жан-жақты отбасы екенін дәлелдеп, креатив ойларын, атадан келе жатқан салт-дәстүрді насихаттап, жеті атасының шежіресін таратып айтып беріп, таңдай қақтырды. Нәтижесінде І дәрежелі «Өнерлі отбасы» дипломының иегері атанып, қалалық байқауға жолдама алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру