Ақтөбе облысының
әкімдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 23-24 қазанда
шетелдік және қазақстандық дін саласындағы жоғары білікті мамандар арасында
«Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында Халықаралық сараптамалық
алаң ұйымдастырылды.
Қазақстанда тұңғыш
рет өткізілген Халықаралық сараптамалық алаңды облыс әкімі Оңдасын Оразалин сөз
сөйлеп ашты. Сонымен қатар ҚР Ақпараттық және
қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Ж.Бакиров,
дін саласындағы Мысыр, Түркия, Ресей және республикадағы белгілі теологтар,
дінтанушы мамандар, имамдар, психологтар, сарапшылар, дін саласындағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ЖАО қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жаһандану жағдайындағы қоғамның исламофобиясы, экстремизмнің
себептері мен оның алдын алу, дерадикалдандыру мәселелері, түрлі елдердің
тәжірибесі негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша
бірлескен үрдістерді дамытуға бағытталған тақырыптар қозғалды.
«Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы Халықаралық сараптамалық алаңның қорытындысында 150-ден астам терминнен құралған глоссарий және арнайы әдістемелік құрал басылып шығады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
26.10.2019
2876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру