Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Исламтану», «Дінтану» ғылымдары бойынша докторантураға қабылдау емтихандары басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген мемлекеттік граттан үміткерлер әдеттегідей исламтану саласына көбірек құжат тапсырған. Талапкерлердің білімін білікті оқытушы-профессорлардан құралған комиссия саралауда.
Биылғы қабылдау ерекшелігі шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (TOEFL , IELTS және т.б.) міндеттелген. Барлық құжаттарын даярлап, білімдерін сайлап, ғылым әлеміне бел буған магистр-талапкерлердің бабы жанады ма, бағы жанады ма жақын уақытта белгілі болмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
23.08.2019
2779
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру