Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни білім және кадр дайындау бөлімі

Діни білім және кадр дайындау бөлімі

Хасан Ташайұлы Аманқұлов

Туған күні, айы, жылы: 31.01.1974.

Туған жері: Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Орташыршық ауданы, Ортасарай елді-мекені.

Оқыған мектебі: 1981-1991 жылдары О.Кошевой атындағы №37 орыс мектебі.

 

Білімі:

1991–1992 жж. – Жамбыл облысындағы «Меркі» медресесінде білім алды.

1992–1996 жж. – Андижан қаласындағы «Сайид Мухиддин Махдум» медресесінде оқуын жалғастырды.

1999–2003 жж. – Ташкент Ислам университетінің «Ислам құқығы және шариғат ілімдері» факультетінде «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2005–2007 жж. – Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы бойынша (8D02206) PhD докторанты болып есептеледі.

 

Еңбек жолы:

1996–1999 жж. – Ташкент облысы Орташыршық ауданы Ортасарай елді мекеніндегі «Бабахан ата» жамиғ мешітінің бас имамы.

2003–2005 жж. – Алматы облысы Талғар ауданының бас имамы.

2005–2006 жж. – ҚМДБ-ның «Діни уағыз және оқу-ағарту» бөлімінің маманы.

2006–2010 жж. – Астана қаласындағы «С. Ғылмани» мешітінің наиб имамы.

2010–2012 жж. – Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің бас имамы.

2012–2014 жж. – Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы.

2007–2014 жж. – «Астана» медресесінің ұстазы, директордың орынбасары.

2014–2018 жж. – Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, сондай-ақ «Умар әл-Фаруқ» мешітінің бас имамы.

2014–2018 жж. – Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы, директордың орынбасары.

2018–2021 жж. – ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлім басшысының орынбасары.

2021 жылдың қазан айынан 2024 жылдың наурыз айына дейін ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2024 жылдың наурыз айында ҚМДБ-ның «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Үйленген, 5 баласы бар.