Матқали Сағым Серікқалиұлы
1994 жылдың 10 сәуірінде Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Төлеби аудандық «Дарын» мектебін аяқтаған. Отбасылы, екі ұлы бар.
Білімі:
2011-2015 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және саясаттану» факультетін тәмамдаған. (Бакалавр)
2015-2017 жылдар арасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтік ғылымдар магистрі» дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
2014-2015 жж. Республикалық «Таймас» ғылыми-танымдық жасөспірімдер журналының штаттағы тілшісі;
2015 жылы «Ummet.kz» ақпараттық-рухани порталының штаттан тыс тілшісі.
2015-2016жж. «Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық саяси журналының тілшісі.
2016 жылы республикалық «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы.
2016-2022 жылдар аралығында «Qazaqpress» қоғамдық-саяси редакциясының негізін қалаушы, әрі Бас редакторы.
2022-2023 жылдар аралығында ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің маманы.
2023-2025 жылдары ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы.
2025 жылдың 24 қазан күнінен бастап ҚМДБ Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі