Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қоғаммен байланыс бөлімі

Қоғаммен байланыс бөлімі

Нұрбек Әуесханұлы Есмағанбет 

 

Білімі:

1997 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтын тәмәмдаған.

2013 жылы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасын тәмамдаған.

 

Еңбек жолы:

1997-2007 жылдары Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы «Құнанбай қажы» мешітінде бас имам;

2007-2009 жылдары Алматы орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалған.

2009-2012 жылдарыы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі және «Иманғали» мешітінің бас имамы;

2012-2013 жылдары ҚМДБ-ның «Зекет» қорының атқарушы директоры;

2013-2018 жылдары Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды.

2018-2022 жылдары ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2022 жылдың 22 маусымынан бастап  ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

 

Марапаттары:

2005 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және осы жылы Қарқаралы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар, 2011 жылы Атырау облысының Әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Ал, 2009 жылы Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің Алғыс хатымен марапатталған.

Сондай ақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен;

2015 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

2018 ж. Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен;

2020 жылы «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

Отбасылы. Жұбайы, 8 перзенті бар.