1978 жылы 5 сәуірде Өзбекстан Республикасы Науайы облысында дүниеге келген.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ -нің журналистика мамандығын (бакалавр) бітірген (2002). Дінтану ғылымдарының магистрі ( Нұр-Мүбәрак Мысыр Ислам мәдениеті университеті, 2016 жыл )
Еңбек жолы:
2002-2004 жылдары Алматы технологиялық университетінде оқытушы;
2004-2006 жылдары Алматы халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасында бас маман;
2006-2007 жылдары халықаралық «Zaman-Қазақстан» газетінде тілші;
2007 -2025 жылдары ҚМДБ-ға қарасты «Иман» журналының жауапты хатшысы;
Жетістіктері:
2022 жылы ҚР Ақпарат министрлігі тарапынан алғысхатпен марапатталды.
2020 жылы «Жақсылықта жарыс» атты әңгімелер жинағының құрастырушы, «Өлімнен мән іздеген жандар» кітабының авторы.
Отбасылы, 5 баланың әкесі.