1976 жылдың 19 қаңтарында Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Төле би орта мектебін бітірген. 1993–1994 жылдары Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» медресесінде білім алған. 1994–1995 жылдары жеке қаридан Құран ілімін үйренген. 1995 жылы қарилық курста оқыған.
1996 жылы Төле би ауданы, Көксәйек ауылындағы «Төле би тегі Дайырбек-Ата» мешітіне бас имам болып тағайындалған.
1999–2001 жылдары Төле би ауданының бас имамы қызметін атқарған.
2000–2005 жылдары Шымкент қаласындағы «Қазақ-Араб» университетінде сырттай білім алған.
2001 жылы Түркия Республикасы, Маниса қаласында 2 айлық діни курста оқыған.
2002–2003 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық мешітте бас имамның орынбасары қызметін атқарған.
2003 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу-ағарту бөлімінде қызмет еткен (1 ай).
2003 жылы Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имам орынбасары болған (6 ай).
2003–2007 жылдары Алматы облысы, Алматы аймағының өкілі әрі «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
2005 жылы Үндістанда өткен Құранды мәнерлеп оқу халықаралық жарысына қатысқан.
2007–2008 жылдары ҚМДБ Бас мүфтиінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2007–2009 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша білім алған.
2008–2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық аудандық «Орбита» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
2015–2023 жылдары Алматы қаласы, Медеу ауданы, Таулы Қырат елді мекеніндегі «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
2023 жылдан бастап Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
Отбасылы 7 баласы бар.