Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баспасөз хатшысы

Баспасөз хатшысы

Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов 

1986 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (2008), осы факультеттің магистратурасын (2010) бітірген. Бір кітапшаның («Машақат пен марапат»), бірнеше зерттеу мақалалардың авторы.

Баспасөз саласына студент кезінен араласа бастады. Республикалық «Айқын» газетінде штаттан тыс тілші (2004), республикалық «Дала мен қала» газетінде штаттын тыс тілші (2005), республикалық «Жас қазақ» газетінде тілші (2006), осы басылымның бөлім редакторы (2007), жауапты хатшысы (2010), «Энерджи» радиосында жүргізуші-редактор (2011) қызметтерін атқарды. 

2012 жылдан бастап ҚМДБ Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2021 жылдың 18 қыркүйегінде Бас мүфти бұйрығымен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгеруші болып тағайындалды. 
 
2025 жылдың 1 наурызынан бастап Діни басқарманың Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

 

Жетістіктері:

Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2011);

«Ой салар оқиғалар» кітабының авторы (2024 жыл)