
Ерке Исламқұл Иманқұлұлы
Туған жылы, жері: 13.09.1981 ж Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы.
Білімі:
1988-1998 ж. Шардара қ. №1 «Мұхтар Әуезов» атындағы орта мектебі.
2007-2011 ж. Түркістан қ. « Қ.А. Яссауи» атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті «Дінтану» факультеті.
2011-2015 ж. Египет ислам республикасы, Кайр қаласы, «Аль-Азһар» университеті, «Шариға» факультетін оқыған.
Еңбек жолы:
2017-2018 ж. Алматы қаласы, Алатау ауданы «Көкқайнар» мешітінің наиб имам қызметі.
2018-2019 ж. Шымкент қаласы «Әл-Біләл» мешітінің наиб имам қызметі.
2019-2023 ж. Шымкент қаласы, «ANLAMAS ATA» мешітінің имамы. Қосымша Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты «Шариғат және пәтуа» бөлімінің басшысы
2023-2025 ж. Түркістан облысы, Келес ауданы, «Көктіңұлы» мешітінің ұстазы.
2025 жылдан бастап , Шымкент қалалық «HALIFA AL-NAHAIAN AQMESHITI» мешітінде наиб имам қызметі. Қосымша Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты «Шариғат және пәтуа» бөлімінің басшысы.
Жетістіктері:
2021 жылы маусымның 2-ші жұлдызында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бас төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы желтоқсан айында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бас төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен және Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының алғыс хатымен марапатталып, Шымкент қаласының үздік имамы марапатына ие болды.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.