Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медет Құрмашұлы  Құрсақов

Медет Құрмашұлы     Құрсақов

 Медет Құрмашұлы Құрсақов

Туған жылы: 26.08.1981 ж. 

Білімі:

1998 жылы Петропавловск қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепті бітірген.

1998-2003 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы Ынтымақ елді-мекенінде орналасқан «Убай ибн Кааб» медресесінде тәлім алған.

2006-2008 жылдар аралығында «Әл-Азһар» университетінің арнайы тілдік даярлау курстарын және үш жылдық институтын аяқтады.

2008-2012 жылдар аралығында Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің «Шариғат және заң» факултетінде, ислам шариғаты (ханафи мазһабы) мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012  жылы «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдады.

2012-2014 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді.

2015-2016 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.

2015 жылдың 9 ақпанынан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінде қызмет атқарып жатыр.

 

ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі. Үш баланың әкесі.