Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Батыржан  Берденұлы  Мансұров

Батыржан      Берденұлы    Мансұров

Батыржан Берденұлы Мансұров 
 
Білімі мен біліктілігі:

 

1995-2000 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша оқыды.

1996-1997 жылдары Түркия Республикасы, Стамбұл қаласында «Йассауи» атындағы Құран курсында білімін жетілдірді.

2003-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін араб тілі, филология мамандығы бойынша магистр біліктілігі мен академиялық дәрежесін толық аяқтады.

2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдірді.

2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология» факультетінің докторантурасында оқып, РhD докторы ғылыми атағын алды.

 
Еңбек жолы:

2000-2003 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Араб тілі және дінтану» факультетінде практикалық қазақ тілі пәні мен араб тілінің морфологиясы бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2005-2006 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде араб тілі пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

2006-2011 жылдар аралығында рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет Самалы» журналында бас редактор және «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам және Алматы облысы Шамалған медресесіне қарасты Талғар ауданы «Мұрат Төреқұл» атындағы қарилар дайындайтын дайындық бөлімінде директор болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қараша айынан бастап, 2019 жылға дейін 6 жыл ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы және Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бері ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі және 2020 жылдың маусым айынан бастап Ғұламалар кеңесінің хатшысы қызметін атқаруда. 

 
Бірнеше мемлекеттік және ұйымдық марапаттар мен алғыс хаттарға ие. Діни төрт кітаптың авторы. Жүзге тарта діни-рухани мақалары жарыққа шыққан.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.