
Қаюпов Ислам Маратұлы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 21.01.1994 жылы дүниеге келген.
Білімі:
2018 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Педагогика және психология»
2020 жылы «Нұр-мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті. Мамандығы: «Дінтану» үздік диплом.
2017 жылы «Муззаммил» мешітінің жанындағы қарилар даярлау курсын тәмамдаған. Алматы қаласы. (Құран қариы).
2025ж Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің магистранты Мамандығы: «Философия»
Курстар:
2020 жылы «Сертификат» Деструктивті және радикалды исламдық сендірудің діни идеологиясын ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курсын тәмамдаған. (І-разряд, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті)
2021 жылы «Заманауи уағызшылар» бағытында екі айлық онлайн-курс бойынша Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Ехия әл-Шиннауи ханымнан арнайы сертификат алған.
2026 жылы Астана қаласындағы Diplomatic Club жанындағы Diplomatic School 3 айлық курсты «Халықаралық қатынастар, халықаралық протокол және келіссөздер» бағдарламасы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2019-2020жж Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы.
2020-2023жж Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы.
2023-2024жж Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2022-2024жж «Ақниет» ақпараттық насихаттау оңалту орталығының Қызылорда облысы бойынша басшысы болып қызмет атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы болып тағайындалды.
Қосымша ақпарат:
ҚМДБ РАНТ мүшесі (қазақ, орыс) тілдерінен
ҚМДБ Аудармашылар алқасының мүшесі
2022 жылы Республика бойынша Muftiyat үздігі «Діни оңалту» саласының үздігі номинациясы бойынша марапатталған.
«Таухид – бір бүтін сенім» - «Таухид – неделимая вера», «Әбу ханифаның хадистегі орны» кітаптарының авторы.
Түрлі тақырыптағы мақалалардың авторы.
ҚР Журналисттер одағының мүшесі.
«Дзюдо» күресінен спорт шеберіне үміткер атағы берілген.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы, облыс, қала Әкімдерінің, «Гагарин» медалі Байқоңыр қаласы, Түзеу мекемелерінің басшыларының «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш баланың әкесі.