Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғазиз Нұртайұлы  Ахметов

Ғазиз Нұртайұлы   Ахметов

1984 жылы 6 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген.

 

Білім жолы:

1991-2001 жылдары Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті тәмамдаған.

2001 жылы Түркістан қаласындағы Қазақ-араб университетінің дайындық курсынан өткен.

2002-2006 жылдары Қазақ-араб (Отырар) университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

2007-2010 жылдары Түркиядағы Селжук университетінің «Ислам мәзһабтары тарихы» саласы бойынша магистр дәрежесін алып шыққан.

 

Еңбек жолы:

2010 жылы Астана қаласындағы Ислам орталығында ұстаздық қызмет етеді.

2010-2012 жылы Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Бас имам болып қызмет атқарады.

2012 жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кіріседі.

2015 жылдың қазан айынан бастап Тараз қаласының Бас имамы болып қызмет атқарады.

2017 жылы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам болып қайта тағайындалды.

Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.

2019 жылы наурыз айынан бастап Тараз қаласының бас имамы қызметін атқарды.

2023 жылдың 9 маусымынан бастап Астана қаласының «Әл-Ғани» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

 

Үйленген, екі ұлы және бір қызы бар.