Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Асқар Зәкіржанұлы Сатылғанов 

1992 жылы дүниеге келген

Білімі:

1999-2010 жылдар аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында «Албан Асан Барманбекұлы» атындағы мектеп гимназиясы.

2010-2011 жылдар аралығында №8 кәсіптік лицейі.

2011-2014 жылдар аралығында «Үшқоңыр» медресе колледжі, Имам хатиб (Исламтану мамандығы).

2017-2021 жылдар аралығында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бакалавр, Дінтану мамандығы.

2022-2024 Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инноваторлық институты, тарих ғылымдарының магистрі.

 

Еңбек жолы:

2014 – 2017 жылдар аралығы Қордай аудандық мешітінің ұстазы.  

2017 - 2020 жылдар аралығы аудандық «Қордай» мешітінде наиб имам.

2020 – 2023 жылдар аралығы Қордай ауданының бас имамы.

2023-2024 жылдар аралығы Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің имамы.

2024-2025 жылдары Тараз қаласында «Әлі ата» мешітінің имамы қызметін атқарған.

2025 жылдың 14 ақпанында Жамбыл облысының және орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Марапаттары:

2018 жылы Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің алғыс хаты

2018 жылдың  үздік найб имамы, Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Жұмабаевтің алғыс хаты

2019 жылы Жамбыл облысы өкіл имамы Қанат Жұмағұлдың алғыс хаты

2019 жылы «Үшқоңыр» медресе-колледжісінің директоры А.Амировтың алғыс хаты

2021 жылы Қордай ауданы әкімі М.Мусаевтің Құрмет грамотасы

2022 жылы «Нұр-Мубарак» университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академия директорының алғыс хаты

2022 жылы Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің алғыс хаты

Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 ұл 1 қызы бар.