Рамазан айына
қалды
Мадияр Пірімқұлов
1985 жылы 13 шілдеде Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылына қарасты Еңбек елдімекенінде дүниеге келген.
БІЛІМ ЖОЛЫ:
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы Еңбек елдімекені «Еңбек орта» мектебін бітірген.
2002-2003 жылы Түркістан қаласында Қазақ Араб университетінің даярлық курсында діни сауатын ашқан.
2011-2015 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша білім алып тамамдаған.
2018 жылы Орал қаласында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министерлігінің қолдауымен жүзеге асырылған, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» курсында білімін жетілдірген.
2020 жылы ҚМДБ қарасты Алматы қаласы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында оқыған.
2021 жылдан Нұр-Мүбарак университетінің магистранты.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2009 жылы Алматы қаласы Таугүл–3 мешітінде ұстаздық қызметін атқарған;
2014-2015 жылдары Алматы қаласы, Наурызбай ауданы Ақжар ықшам ауданындағы «Нұр» мешітінің ұстаздық қызметін атқарған;
2015 жылы Алматы қаласы, Горный гигант мөлтек ауданында наиб имам қызметін атқарған;
2015-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ақжар ықшам ауданындағы «Нұр» мешітінің найб имам қызметін атқарған;
2016 жылдың 21 қыркүйегінен 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы, Темір аудандық орталық «Досжан ишан» мешітінде бас имам қызметін атқарды.
2020-2022 жылдар аралығында Алматы Орталық мешітінде наиб имам;
Бес баланың әкесі.