Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Асқар Әбітайұлы Мұқанов

 

1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған.

Осы ауылдағы «Б.Соқпақбаев» атындағы орта мектеп-гимназияда 1991-2001жылдар аралығында оқыған.

2005-2013 жж.. Египет Араб республикасы Каир қаласы «Ал-Азһар» Ислам университетінде «Шариғаттану» мамандығы бойынша тамамдады. Оқу жылдарында ҚР-ның Египет Араб республикасындағы елшілігінің тағайындауымен ҚР-ның Мысырдағы студенттерге жауапты староста қызметін атқарды.

2014-2016 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2014 жылы Мәскеу қаласындағы «Терроризм мен Экстремизмнің алдын алу жолдары» мақсатында жүргізілген 2 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2015 жылы ҚР-сы Призиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында саясаттану, әлеуметттану пәндері бойынша 1 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2010 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, мешітте және «Үшқоңыр» медресесінде ұстаз қызметін атқарады.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарады.

2013 жылдан бері ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат (РАНТ) және Жергілікті ақпараттық-насихат (ЖАНТ) тобының тұрақты мүшесі. РАНТ жұмысы барысында теріс ағымның алдын алу мақсатында исламтанушы-теолог.

2014-2015жж. Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбиеші ұстаз қызметімен жұмыс істейді.

2015 жылы қараша айынан бастап Астана қаласы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсы, теріс ағыммен жұмыс жасау бағыттары бойынша наиб имам қызметін атқарды.

2017 жылы мамыр-желтоқсан айлары аралығында «Әлжан ана» мешітінің бас имамы қызметінде қызмет етсе,

2017-2018жж. Астана қаласының өкілі имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы ретінде жұмыс істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап, 2019 жылдың қазан айына дейін «Нұр Астана» қалалық мешітінің бас имамы міндетін атқарды.

2017-2019жж. қазан айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметінде болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша Бас имам қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткізілетін жиындардың ҚМДБ өкілі ретінде тұрақты қатысушысы.

Араб, тілін жетік меңгерген.

Отбасылы, 4 баласы бар.