Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Серікжан Еншібайұлы

1982 жылдың 8 қыркүйегінде Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

Білімі:

– 2000-2004 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетін Дінтанушы және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып, бітірген;

– 2004-2007 жылдары Түркияның Кония қаласындағы «Хасеки» академиясында оқыды;

– 2009-2011 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің магистратурасында оқып, Дінтану магистрі атанды;

– 2016 жылы Мысырдағы әл-Азһар университетінде Дар ал-Ифта (Пәтуа бөлімі) 2 айлық білім жетілдіру курсынан өткен;

– 2018 жылдан бастап Нұр-Мүбарак университетінің докторанты.

 

Еңбек жолы:

– 2007-2012 жылдары ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің референті;

– 2012-2015 жылдары Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы;

– 2015-2017 жылдары Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы;

– 2012-2017 жылдары Ақтөбе облыстық Дін істер басқармасы жанындағы «Ансар» мекемесінің теологы ретінде (имамдық қызметпен қатар келісімшарт негізінде) деструктивті діни ағым өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді;

– 2017-2018 жылдары Атырау қаласы «әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы және «Шапағат» орталығының теологы (келісімшарт негізінде) қызметін атқарды; –

– 2018-2021 жылдары Алматы қаласындағы «Ибраһим» мешітінің бас имамы;

– 2016 жылдан бастап Республикалық ақпарат насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

– 2021 жылдың маусым айынан бастап Ақтөбе облысының бас имамы.

Үйленген, 4 қызы, 1 ұлы бар.