Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ

Алмас Сағидоллаұлы Данағұлов

Алматы облысы Қаратал ауданының Жаңаталап ауылында 1977 жылы дүниеге келген. 1984-1994 ж.ж Жаңаталап орта мектебін тәмамдаған.

Білімі:

1995-1997 ж.ж Қазақсатан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Ислам институтын;

 2002-2006 ж.ж  І.Жансүгіров атындағы «Жетісу» мемлекеттік университетінің тарих-география мамандығын;

2006-2008 ж.ж  «Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы» құқықтану мамандығын бітірген. 

2009 жылы Түркия Республикасының Болу қаласында 2 айлық имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті.

2010-2012 ж.ж. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану магистрі.

     

Еңбек жолы:

1997-2002 ж.ж Алматы облысы Текелі қаласының  бас имамы;

2002-2014 ж.ж Талдықорған орталық «Нұр» мешітінің наиб имамы;

2014 жылдың қараша айынан бастап Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы және 2020 Талдықорған өңірі бойынша наиб имамы қызметін атқарған.

2021 жылдың шілде айынан бастап ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Талдықорған өңірінің бас имамы болып тағайындалды.

 

Марапаттары:

2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен награтталды.

2016 жылы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы Алматы облысы әкімінің Үздік діни қызметкер номинациясымен марапатталған.

2020 жылы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Отбасылы, үш баласы бар.