
Жұманазар Садырханов
1979 жылы 23 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұл, үш қызы бар.
БІЛІМІ:
- 1985-1996 жылдары Түркістан қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алған;
- 1992-1995 жылдары Түркияның Стамбул қаласындағы «А.М.Худайы қоры, Умрания муфтилігіне қарасты Құран жаттау медресесінде» білім алып, қари атанған;
- 1997-2000 жылдары Қаазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ислам институтын тәмамдаған;
- 2008-20012 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ, әлеуметтік білім бакалаврын тәмамдаған;
- 2013-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 2001-2013 жылдары Алматы Орталық мешітінде наиб имамы;
- 2014-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін атқарған;
- 2019 жылдан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.
2026 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Павлодар облысының бас имамы қызметін атқаруда.
Үндістан, Малайзия және Қырғызстандағы Құран жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 30-ға жуық қари тәрбиелеп шығарған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Муфтияттың 30 жылдығы медальдарымен марапатталған.
Бас мүфтилер — Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің, Ержан қажы Малғажұлы хазіреттің, Серікбай қажы Ораз хазіреттің, Бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттердің алғыс хаттарымен марапатталған.
«Асым» қырағаты бойынша «Хафс» және «Шұғба» рияуаттарынан ижазасы бар еліміздің алғашқы қариларынан.
Муфтият жанындағы қарилар алқасының мүшесі. Араб, түрік, орыс, өзбек тілдерін біледі.