Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Бектұрсын Торғайбайұлы Уәлиев 

 

1978 жылы 16 мамырда  Қостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген.

1984-1995 оқу жылдары Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін тәмадады. Мектепте оқи жүріп, аудандық мешіттен діни сауатын да ашты.

- 1999 жылы Алматы қаласындағы «Ислам институтын» да білім алып, осы жылдың қараша айынан бастап, Қостанай облысы, Б.Майлин аудандық мешітінде бас имамдық қызметіне тағайындалды.    

- 2005 жылы Алматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2007 жылы Мекке-Мадина қалаларында болып, қажылық өтеді.

- 2010 және 2011 жж. облыстық өкіл имамның алғыс хаттарымен марапатталды.

-  2012 жылы Түркия елінде «Білім жетілдіру» курсында болды.

-  2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

- 2013 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алды.

- 2014 жылы «Қостанай қаласы әкімшілігінің дін істері жөніндегі басқарма» атынан алғыс хатымен марапатталды.

-  2014 жылы Арқалық қаласы әкімінің Алғыс хатымен және Арқалық қаласының «Жыл адамы» номинациясымен марапатталды.

- 2015 жылы Алматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2016 жылы Бас мүфтиідің «Қажырлы еңбегі» үшін Алғыс хатын иеленді.

Әр жылы «жұмысқа деген белсенділігі» үшін деген  облыстық өкіл имамының алғыс хаттарымен марапатталды.

- 2020-2022 жылдары Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы болды.

- 2022-2024 жылдары Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды. 

-2024 жылдың 26 шілдесінен бастап, Қостанай облысының және «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

 

Үйленген, екі қыз, екі ұлы бар.