Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕН АЙМАҒЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ӨСКЕМЕН АЙМАҒЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Ермек Қасболатұлы Мұқатай 

 

1978 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті

дүниеге келген.

 

Білімі:

1995 – 1997 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Ислам институты;

1997-2000 жж. Түркия Республикасы, Стамбул қаласы Ахмет Яссауи дiни оқу орны;

мамандығы - Имам хатиб;

2011-2014 жж. Қонаев атындағы Заң колледжі;

Мамандығы- Құқықтанушы

2015-2018 жж. – Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті

мамандығы – Құқықтану

2020-2022 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  

мамандығы – Дінтану және философия

 

Еңбек жолы:

  • 2000-2002 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Құран курсының ұстазы;
  • 2002-2004 жж. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Кербұлақ ауданының бас имамы;
  • 2004 жылдан бастап ғылыми жұмыспен айналысып, қасиетті Құран Кәрімді жаңа үрдіспен сөзбе-сөз мағынасын дайындаған ұстаз-аудармашы;
  • 2011-2012 жж. Алматы қаласындағы "Бақыткелді'' мешітінің найб имамы;
  • 2012-2013 жж. Алматы қаласындағы "Бақыткелді'' мешітінің бас имамы;
  • 2012-2014 жж. Алматы қаласы, «Оңтүстiк Астана» Алматы телеарнасында «Бес парыз» дiни-танымдық бағдарламаларының және «Тура жол» ток-шоуының жүргізушісі;
  • 2013-2014 жж. Алматы қаласы, Жетiсу ауданының Бас имамы;
  • 2014-2015 жж. Астана қаласындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың анасының атындағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы;

2015 жылы 19 қарашада Бас мүфти бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағының бас имамы.

Еңбектері:

  • 2010-2020 жж. Құранның қазақ және орысша сөзбе-сөз аудармасының қазақстандық авторы және ғылыми топ жетекшісі;
  • 2015-2021 жж. Дәстүрлі ақсақалдар форумының авторы әрі үйлестірушісі;
  • 2016 ж. бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаменті жанынан ақпараттық-түсіндіру тобынының құрылуын және құрамына дін саласы қызметкерлерінің кіруінің негізін қалаушы;
  • 2016-2018 жж. Имамдардың білімін жетілдіру курсының мемлекеттік стандартқа сай бағдарлама авторы;
  • 2017 жылдан 30 томдық «Құран тәпсірі» ғылыми энциклопедиялық кітабын даярлаушы;
  • 2015 жылдан бастап ТМД және алыс-жақын шет мемлекеттер мұсылмандары діни басқармаларымен өзара іс-қимыл, көмек және бауырластық байланыс орнатудың оң тәжірибесін негізін қалаушы;
  • 2017-2021 жж. ТКББ бағдарламасы негізінде Семей және Өскемен қалалары колледждерінде Исламтану мамандығын ашу және ұстаздармен қамтамасыз ету;
  • 2020 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ теологиялық бағыттағы Дінтану және философия мамандығын ашудағы бастамашысы;
  • 2017-2019 жж. кең ауқымды ұлттық құндылықтарға негізделген Республикалық «Дала семинары» жобасының авторы;
  • 2018 жылдан Ислам мәдениеті музейі жобасының авторы және жетекшісі;
  • 2019 жылдан бастап ШҚО Ислам дінінің тарихын зерттеу тобының жетекшісі әрі үйлестірушісі;
  • 2020 жылдан бастап Ихсан ғылым зерттеу орталығының негізін қалаушы және ғылыми топ жетекшісі;
  • 2021 жылдан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша коммиссия мүшесі.

Марапаттары:

  • «Астана қаласына – 20 жыл» медалі;
  • ҚР Президентінің жарлығы негізінде «Шапағат» және «Халық алғысы» медалі; 2020 жыл
  • Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының дін саласындағы ерекше үлесі үшін «Ихсан» медалі;
  • Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының алғыс хаттары, құрмет грамоталары