Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Дастан Жанасұлы Құрманбаев 

1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

2010-2014 жж. жоғары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, исламтану;

2014-2016 жж. магистратура Нұр-Мүбарак ЕИМУ, исламтану;

2018-2021 жж. докторантура Нұр-Мүбарак ЕИМУ, исламтану;

 

Еңбек жолы:

2015-2016 жылдары «Әбу-Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері;

2016-2018 жылдары Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің бас имамы;

2018 Қызылорда облысының орталық мешіті «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бірінші наиб имамы;

2018-2019 жылдары «Әбу-Ханифа» ҒЗО кіші ғылыми қызметкері;

2019-2020 жылдары Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің бас имамы;

2020-2023 жылдары Қызылорда қаласы «Айтбай»мешітінің бас имамы;

2023 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің бас имамы;

2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы және Қызылорда қаласы «Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

 

Қосымша мәліметтер:

2012 ж. Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Құран жаттату орталығында Құран Кәрімді толық жаттаған.

2017 ж. Нұр-Мүбарак университеті жанындағы «Экстремизмнің адын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау» институтының 40 сағаттық курсын бітірген.

2019 ж. ҚМДБ-ның «Қажылық миссиясы» құрамында Сауд Арабясы Корольдігіне іс-сапарға барған.

2020 ж. ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы құрамына қабылданған.

2020 ж. Докторантура бағдарламасы бойынша Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы «Al-Azhar» университетінде, Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы «ISAM» ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибеден өткен.

 

Үйленген, балалары бар.