Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Естай Айтуғанұлы Әбдіғали 

Қарағанды облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

2001-2012 жылдары Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылындағы орта мектепті бітірген.

2012-2015 жылдары Астана қаласындағы «Нұр Астана» медресесінде діни сауат ашқан.

2016-2019 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

 

Еңбек жолы:

2015 жылдың маусым-желтоқсан айларында Қарағанды облысы, Саран қаласының мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.

2016-2018 жылдары Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарған.

2018-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

2020 жылдың ақпан-маусым айларында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2020-2022 жылдары Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің бас имамы қызметін атқарды.

2022 жылдың 7 қазанынан бастап Қарағанды облысының бас имамы қызметін атқаруда.

 

Үйленген, екі қызы бар.