Бақытжан Құралбайұлы Сабралиев
1978 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1985-1995 жылдары Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылындағы Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектепті бітірген.
2011-2017 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің, «Исламтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2006-2015 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Көкқайнар» мешітінде наиб имамы қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Бекет ата» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
Үйленген, 2 ұл, 3 қызы бар.