Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.04.2023 1832 0 пікір
БАС МҮФТИ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында облыстық «Әнет баба» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Адал ризық және адал кәсіпкерлік» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала жер бетінде сансыз нығмет жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Әр уақыт пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал, ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыдан бойын аулақ ұстауы қажет. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімдегі «Бақара» сүресі, 168-аятында: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адалын әрі тазасынан жеңдер!» – деп бұйырған.

Қазақ халқы қашанда адал ұғымына ерекше мән берген. Тарихқа үңілсек ата-бабаларымыз тұлпарына доңыздың басқан шөбін жегізбей, адалдықты ұстанып, Алланың ақ жолынан жаңылмаған. Сондай-ақ адал жар, адал дос, адал ас, адал еңбек, адал перзент секілді т.б. ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар. Үлкендеріміз бата бергенде: «Басқа амандық, асқа адалдық берсін», – деп тілеуінің өзі адалдық атаулының қаншалықты үлкен құндылық болғандығын көрсетеді» деді.

ҚМДБ Төрағасы жұма намазынан кейін Қарағанды жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру