Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 1408 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектің сертификатын табыстады.

 «Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп баяндаған Қайырымдылық  – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет. Игі іске атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша 7 отбасыға қаржылай сыйлықтың сертификаты табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру