Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 3662 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде 10 жылға жуық қызмет еткен Құрманғазы Дүйсенбекұлына пәтер кілтін табыстады.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жомарт жандардың көмегімен берілген 660-баспана кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти: «Расында мешітте қызмет ету – ұлы іс. Алла Тағала мешітте қызмет еткен әрбір күніңізге мол сауаптан жазғай. Үйіңіздің іші жанға, сырты малға толсын. Жаратқан жанұяңызға жар болсын» деді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру