Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы облысында кәсіпорындар тексерілді

halaldamu.kz 13.03.2023 1404 0 пікір
Алматы облысында кәсіпорындар тексерілді

«Халал Дамудың» Бас маманы, технолог Сафиев Данияр кезекті іс-сапарыда Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбілмен бірге кәсіпорындарда тексеріс жүргізді. 

Тексерілген кәсіпорындар:

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көктоған ауылындағы «KazFreshMeat» ЖШС шұжық өндірісі;

Қарасай ауданы, Қайнар ауылындағы «Мурагер» ЖК шұжық өндірісі;

Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы «Дамели» ЖК фаст-фуд өнімдері; 

Қаскелең қаласындағы «Прайм агро сервис" ЖШС шұжық өндірісі, «Маки Маки» және «Japonika» фаст-фуд өнімдері; 

«Аудит аясында бірқатар өндіріс орындары қадағаланды. Кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит жоғары деңгейде өтті. Кейбір кәсіпорындарға қатаң ескерту жасалынса, кей кәсіпорындардың халал стандарты талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деп хабарлайды Сафиев Данияр. 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру