Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕН 4 МЫҢ АДАМ ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.01.2023 7226 0 пікір
БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕН 4 МЫҢ АДАМ ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

2023 жылы елімізден 4 мың адам үлкен қажылыққа барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, тиісті құжатқа қол қойды.

Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге өз ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту, отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау, қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңтайландыру т.б. мәселелер талқыланды.

Қазақстан қажыларына қызмет көрсетуге лайықты деп танылған, яғни конкурстық негізде анықталған қажылық компаниялары ұлы сапардың ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарымен айналысады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру