Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

02 December 2022

8 Jumadál áýýál 1444 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БАЙҚОҢЫРДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.09.2022 1638 0 пікір
БАС МҮФТИ БАЙҚОҢЫРДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған жұмыс сапарында Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінде жұма уағызын айтты.

Бас мүфти жамағатты қасиетті Мәуліт айының келуімен құттықтап, «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

«Мәулiт –  пайғамбарлардың сардары Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген, әлемді нұрға толтырған Құдай Тағаланың мейiрiм-рахымын молынан жаудырған тарихи күн. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Пайғамбарға салауат айтқан адам сансыз сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады» деген. Біз бұл хадистен сансыз сауапқа кенелу үшін көбірек салауат айту қажеттігін түсінеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жұма уағызы барысында ихсан ілімінің мәні мен маңызына да тоқталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру