Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БАС МҮФТИ АТЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАРҒА ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2022 1132 0 пікір
БАС МҮФТИ АТЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАРҒА ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Мекке қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан қазақстандық қажылардың құрметіне арнайы дастарқан жайылды.

Іс-шараға Қажылық миссиясының төрағасы Ершат қажы Оңғар, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, миссия мүшелері, 14 қажылық компаниясының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдар мен қажылар қатысты.

Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Одан ары миссия төрағасы Ершат Оңғар меймандарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, қажыларға құт-береке тіледі. Сондай-ақ жиында Бас консул Талғат Рақымқұлұлы сөз сөйлеп, қажыларға ізгі тілегін жеткізсе, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров əсерлі уағыз айтып, қажылардың жүрегін тебірентті. Басқосу соңында меймандарға ҚМДБ атынан сыйлықтар таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру