Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

УАҒЫЗШЫЛАРҒА ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2022 3382 0 пікір
УАҒЫЗШЫЛАРҒА ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен қажылықты ұйымдастыратын 14 фирмаға арнайы бөлінген уағызшы имамдарға арналған жиын өтті.

Жиында уағызшы имамдарға өз фирмаларымен келген қажыларға күнделікті уағыз-насихат, дәріс жүргізу кестелерін құру, ақпараттық-насихаттық хабарламалар таратып, қажыларды уағыздар мен дәрістерге қатыстыру тапсырылды. Басқосуда сондай-ақ уағыз-насихат жұмыстарын ҚМДБ ұстанып отырған Ихсан ілімі негізінде, сабырлыққа, байсалдыққа, тақуалыққа тәрбиелейтін тақырыптарды көбірек қамтуға тапсырма берілді.

Жиынды Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Ершат Оңғар жүргізіп, уағызшыларға тиісті тапсырма берсе, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров отандық қажыларды жат ағым ықпалынан сақтау, уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жайлы ұсыныс-пікірін айтты.

Айта кетейік, қажылық сапар алдында ҚМДБ Орталық аппаратында «Қажылық-2022» уағызшыларының біліктілігін арттыруға арналған семинар өткен болатын. Семинарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, имамдарға арнайы міндет жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру