Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.06.2022 3640 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс кестесіне сәйкес Қостанай облысына барды.

Бас мүфти Қостанай ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс жобасымен танысып, іргетасын қалады. ҚМДБ Төрағасы құлшылық үйін Діни басқарма бекіткен мешіт салу ережесіне сәйкес қазақы нақышта тұрғызуға назар аударды.

Бас мүфти мешіт құрылысының жоспарға сәйкес аяқталуын Алладан тілеп, дұға жасады. Сондай-ақ, марқұмдар рухына Құран аятын бағыштап, құрбан шалды.

Айта кетсек, жаңа мешіт 1500 адамға арналған. Құлшылық үйінің құрылысын 2024 жылы бітіру жоспарланған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру