Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«QAMQOR-SHARAPAТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.05.2022 2107 0 пікір
«QAMQOR-SHARAPAТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

«QAMQOR-SHARAPAТ» орталығының ұйымдастыруымен, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХVI мәжілісінде қабылдаған «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай бірқатар нақты жұмыстар жүргізілді.

«QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өңірлердегі (облыс орталықтары, қалалар мен аудандар орталықтары) орталықтың жұмысы жанданып келеді. Сондай-ақ мешіт имамдары арқылы орталық жұмысын халыққа кеңінен насихаттау және зиратқа бөлінген жер телімдерінің ішінен орталыққа жер рәсімдеу жұмыстарына басымдық берілді. Өңір мешіттері жанынан мәйітті жуындыратын, кебіндейтін және қабір қазатын бригадалар құрылып, оларға «Зират және зиярат мәдениеті» құжатының талаптары түсіндірілді.

Айта кетейік, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі мазар салып жарысу бәсекесін тоқтату, ысырапқа жол бермеу және мұсылман зираттарын бір ізге келтіру мақсатында құрылған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру