Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.05.2022 1508 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Түркістан қаласында «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиынды ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізіп, баяндама жасады.

«Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасының отырысын Түркістанда өткізудегі мақсат рухани берік байланысқа жол ашып, бірлігімізді бекем ете түсу болатын. Ендеше Ясауи мұралары мен киелі Түркістан шаһары ынтымағымызды одан ары арттырады деген сенімдемін.

Шынында, қазіргідей қым-қуыт уақытта баршамыздың дін насихатында ортақ болуымыз маңызды. Себебі Ислам ғалымдары «Бауырмалдық – иман келтіргендердің өзара сүйіспеншілігі мен дін насихатында ортақ болуы» деген. Сондықтан бүгінгі басқосуымыз біздің, түркі мемлекеттері бас мүфтилерінің бауырмашылдық байланысын жандандыра түседі деген сенімдемін.

Бұл бағытта бізге түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасы аясында бірігу маңызды. Алқаны құрудағы мақсат – түркітілдес халықтардың ынтымақтастығы мен бауырластығын одан әрі нығайту. Сондай-ақ түркі дүниесінің тарихи, рухани және мәдени мұрасын сақтау бағытында қабылданған шешімдер мен бастамаларды іске асыруды жан-жақты қолдау.

Алла ынтымақтастығымызды арттырып, асыл дініміздің айбынын асыру үшін бірлесіп қызмет етуді баршамызға нәсіп етсін! Тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігі арта берсін!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру