Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.05.2022 1604 0 пікір
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасы» мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтау хатын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров оқып берді.

«Бауырлас Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің Бас мүфтилеріне және құрметті қонақтарға зор ризашылығымды білдіремін.

Ата дініміз Ислам мейірімділік, имандылық, қанағатшылдық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейді. Сондай-ақ, бейбітшілікті, тұрақтылық пен береке-бірлікті нығайтуға шақырады. Осы орайда алқалы жиынға қатысып отырған дін қайраткерлері жаһан жұртын ізгілік жолына жұмылдыруға сүбелі үлес қосады деп сенемін.

Бүгінгі басқосу түбі бір, тарихы ортақ елдеріміздің рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарына тың серпін беріп, игі бастамаларымыздың баянды болуына ықпал ететіні сөзсіз.

Баршаңызға зор денсаулық, конференция жұмысына толайым табыс тілеймін!» делінген Президенттің құттықтау хатында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру