Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

РАНТ МҮШЕСІ – ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.03.2022 1971 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Талдықорған өңіріне арнайы іс-сапармен келді.

Смайыл Сүйерқұлұлы алдымен «Жетісу» университетінде студенттермен кездесті. Жүздесуді оқу орнының Жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Абдулдаұлы жүргізді. Басқосуға Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Матаев және аталған оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Смайыл Сүйерқұлұлы ата-баба дәстүрінің ұрпаққа өнеге екені, жастық кезеңнің маңыздылығы туралы сөз қозғап, жастарды жақсылап білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы ретінде діни ақпараттарды дін қызметкерлерінен алудың маңыздылығына тоқталды.   

Одан кейін РАНТ мүшесі Талдықорған Жоғарғы политехникалық колледжінің студенттерімен жүздесті. Білім ордасында өткен іс-шараға аталған оқу орны басшысының орынбасары Қаламқас Жұмағұлқызы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Кеңесбекұлы сондай-ақ оқу орнының студенттері қатысты. Смайыл Сүйерқұлұлы колледжде өткен кездесуде «Дін. Руханият. Жастар» тақырыбында дәріс оқып, жастарға насихат айтып, сауалдарына жауап берді. 

Сондай-ақ ҚМДБ бөлім басшысы облыстық «Жетісу» арнасында қонақта болып, алда келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мүфтияттың «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндады. Сұхбатта еліміздегі діни кадрлардың тапшылығы, шетелде білім алып жатқан қазақ жастарының жай-жапсары да айтылды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру