Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.03.2022 4494 0 пікір
ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІ республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті.

Елорда төріндегі «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде өткен жеребе тарту рәсіміне төрешілер, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушылары қатысты.

Наурыз айының 9-10 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «әл-Фараби» залында өтетін байқауда қарилар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынайды.

«Қазір әлем бойынша әйел қарилар арасындағы ең жасы – 4 жаста болса, Құранды толық жаттаған ең егде қари 67 жаста екен. Осы байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Алла Тағала қадамдарыңызға мол сауаптан жазып, байқауымызға береке берсін! Баршаңызды жарысқа сақадай сай деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз» деді Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков.

Айта кетейік, байқауға 47 қари қатысса, олардың ең жасы 11 жаста болса, ең үлкені – 27-де.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру