Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ НАИБ МҮФТИДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 25.10.2021 3851 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ НАИБ МҮФТИДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ (ФОТО)

Алматыға барған сапарында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда ғана наиб мүфти болып тағайындалған Кенжеәлі Мырзабаевты Алматы қаласындағы жұмыс кабинетімен таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

«Сіз бұған дейін дін саласында көптеген қызметтер атқарып, елдің ықыласына бөлендіңіз. Әсіресе мәдениет саласының өкілдері, қаламгерлер өзіңізді жақсы құрметтейді. Осы бағыттағы жұмысыңыз жандана берсін. Діни саладағы мол тәжірибеңіз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына серпін береді деген сенімдеміз. Алла қызметіңізді берекелі етсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның кезекті Аппарат жиынында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжеәлі Мырзабаевты наиб мүфти қызметіне тағайындап, Діни басқарма ұжымына таныстырған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру