Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ДІНИ АТАҚ-ЛАУАЗЫМДАР» МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.10.2021 1271 0 пікір
«ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ДІНИ АТАҚ-ЛАУАЗЫМДАР» МОНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Ислам дініндегі діни атақ-лауазымдар» монографиясының танытымына қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен игі іс-шараға аталған білім ордасының ректоры Жанар Амангелдіқызы, белгілі ғалым Досай Кенжетай мен студенттер қатысты.

«Халық ұғымында ерекше дарын иесі, діндар, тақуа, тұлғалық қасиетке ие адамдардың болғаны тарихтан белгілі. Олардың атқаратын қызметтері мен әулиелік сипаттары, жеткен жетістіктері мен кереметтері де халыққа танымал болған. Себебі Жаратушы Иеміз мұндай тұлғаларды рухани тәрбиенің жол көрсетушісі, шариғат амалдарына берік әрі өзгелерге сол ілімді жеткізуші етіп жіберді. Ислам тарихында ондай тұлғалар мен діни лауазымдық қызмет атқарған адам саны жетерлік. Бұл ретте Нұрлан Мансұровтың «Ислам дініндегі діни атақ-лауазымдар» атты монографиялық еңбегінде көптеген діни атақ-лауазымдар ғылыми һәм діни тұрғыда жан-жақты зерттеліпті. Бұл еңбек дін қызметкерлері үшін де пайдалы кітап болмақ» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, «Ислам дініндегі діни атақ-лауазымдар» монографиясында дәреже-мәртебе, титул, лауазым мен атақ мәніне ие болған діни сөздер сараланып, талданған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі