Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ «ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.10.2021 2808 0 пікір
БАС МҮФТИ «ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қызылжар» орталық мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Пайғамбарға махаббат» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Біз Алла елшісіне деген сүйіспеншілігімізді оған көп салауат айтумен, әр ісімізде оның сөзі мен амалын басшылыққа алумен, адамдарға мейірімді, бауырмал болумен дәлелдеуіміз керек. Алла Тағала баршамызға Өзіне лайықты құл, Пайғамбарға лайықты үмбет болуды нәсіп етсін» деді.

ҚМДБ Төрағасы жұма намазынан кейін еліміздің игілігі мен берекесі үшін дұға жасап, халқымызға амандық пен саулық тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру