Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 14.10.2021 3279 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Darhan Dala» жобасы аясында аймақтағы бас имамдармен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті.

Бас мүфти алдымен Қожа Ахмет Ясауи бабаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

«Darhan Dala Travel» туристік компаниясының директоры Бектемір Қуандықұлы Бас мүфти бастаған делегацияға кесене ішіндегі 16 терезеден тұратын шағын қос күмбезді мешітті көрсетті. Бұл – кесене ішінде орналасқан ең көне мешіт.

Айта кетсек, отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында Бас мүфтидің бастамасымен биыл «Darhan Dala» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру