Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 July 2025

18 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫН «MUNARA TV» АРНАСЫНАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.10.2021 3690 0 пікір
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫН «MUNARA TV» АРНАСЫНАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай киелі Түркістан қаласында өтетін Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық қарилар байқауын «Munara TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

12-13 қазан күндері Құран Кәрімнің 10, 20, 30 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтетін байқау сонымен қатар «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстаграм парақшасы арқылы онлайн көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық іріктеу сайыстары өтіп, Х республикалық байқауға қатысатын қарилардың есімдері белгілі болды. Ал бас жүлдені жеңген қари шетелдік автокөлік тізгіндемек.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру