Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАРЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.10.2021 2068 0 пікір
«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАРЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Елордада «Зейін» оқырмандар клубы ұстаздар күніне орай арнайы кездесу өткізді.

Ең алдымен клуб жетекшісі Махамбет Искандер «Зейін» оқырмандары клубының ұстаздық қызмет атқарып жүрген мүшелеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сый-сияпатын тарту етіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді.

Рухани-танымдық басқосуда халқымыздың оқу-ағарту саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлт ұстазы, дара тұлға Ыбырай Алтынсарыұлының есімі ұлықталды. «Толық адам һәм 4 даму» жобасының авторы, велошеруші әрі клубтың белсенді мүшесі Ернат Мелсұлы «Ыбырай Алтынсарыұлының концептуалды ойлары» жайлы қызықты мәліметтерді оқырмандарға ұсынды. Сондай-ақ ол елордадан бастап ұлы ұстаздың туған жеріне 709 шақырымды велосипедпен жүріп өткені жайлы қызықты оқиғаларын бөлісті.

Ал кездесудің арнайы қонағы, Қостанай қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин» мемориалды музейінің директоры Марғұлан Оспанов оқырмандарға «Ыбырай жолы» атты кітапты таныстырып, ұлы ұстаз жайлы қызықты деректерді атап өтті.

Кездесу соңында Ернұр есімді бүлдіршін Ыбырай бабамызға арнаған өлеңін оқып, кешті қорытындылады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру