Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БАС МҮФТИ ӘЗЕРБАЙЖАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.10.2021 1067 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘЗЕРБАЙЖАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжанның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановты қабылдады.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Әзербайжан елдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бұрыннан қалыптасқан бауырлас елдер арасындағы рухани байланысты бекіте түсу жағын сөз етті.

Бас мүфти жаңадан келген Елшіні құттықтап, қызметіне табыс тіледі. «Бізге көп нәрсе ортақ. Түбіміз бір. Тарихи байланыстарымыз да жетерлік. Елдестірмек елшіден деген. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықты арттыру бағытында ортақ жобаларды жүзеге асыруға Діни басқарма әрқашан дайын. Біз Әзербайжан мұсылмандары діни басқармасымен де тығыз байланыстамыз. Осы ретте рухани бағыттағы іргелі істерді бірлесе атқаруға шақырамын» - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Әзербайжан Елшісі Агалар Рахимоғлы өз кезегінде Бас мүфтиге жылы қабылдап, құрмет көрсеткеніне ризашылығын жеткізді. «Бауырлас, тамырымыз ортақ елге келгеніме қуаныштымын. Мақсатымыз біреу. Ол – екі елдің бұрыннан қалыптасқан тығыз байланысын жандандырып әрі қарай жалғастыру. Қазақстанға келгеніме 1 айға жуық уақыт өтті. Көптеген кездесулерде болдым. Қонақжайлықтарыңызға тәнтімін. Алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында қолдау көрсетуге дайынбыз» деді Елші.

Сондай-ақ жүздесуде осы айда Қазақстанға сапармен келе жатқан Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паша-задемен болатын ресми кездесудің жай-жапсары талқыланды.

Кездесу соңында Бас мүфти Елшіге өз тарапынан құрмет көрсетіп, бауырлас елдер арасындағы байланысты дамыту үшін әрқашан есігіміз ашық екенін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі