Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІ БАҒЫТ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2021 2888 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІ БАҒЫТ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қала имамдарымен кездесті.

«Бағдарымыз – жеті бағыт» деп аталатын іс-шара барысында Бас мүфти жыл басында жолдаған жеті бағытқа тоқталды.

«Өздеріңіз білесіздер, Діни басқарма жеті бағытты ту етіп ұстанып отыр. Осы бағыттар аясында арнайы жоспар жасалды. Ақпарат пен насихат, дін мен дәстүрді тереңдете жеткізу, жат ағыммен күрес сынды салалық бағыттарды қатар жеткізе бермекпіз. Сондықтан қала имамдарына осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруді тапсырамын» деді Бас мүфти.

Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы жеті бағытты дамыту мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру