Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ 30 СТУДЕНТКЕ БІЛІМ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2021 3057 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ 30 СТУДЕНТКЕ БІЛІМ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы оқу орнының 30 студентіне білім грантын табыстады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы студенттерді әрқашан қолдап келеді. Біз өз тобынан оза шапқан оқу озаттарына, тағдырдың жазуымен жетім қалған студенттерге білім грантын табыстадық. Бұл білім грантына осында отырған өздеріңіз әбден лайықсыздар. Бұл жобаны алдағы уақытта да жалғастырамыз» деді болашақ дін мамандарына білім грантын тапсырған Бас мүфти.

Айта кетсек, игі іс «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың көмегімен жүзеге асты. Іс-шарада университет проректоры Қайрат Құрманбаев Бас мүфтиге айрықша алғысын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының студенттерге жасап келе жатқан қамқорлығына ризашылық ниетін жеткізді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру